6 наурыз күні білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсанында «Ана-өмірдің тірегі» атты балалар шығармашылық аудандық ән байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Топпен ән айту, топтың сахналық мәдениетін дамыту. Білім алушылардың вокалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.
Байқау вокалдық топ, трио, квартет, квинтет топтары бойынша бағаланды. Әр номинация бойынша мектеп оқушылары әдемі стиль үйлесімінің өзгергіштігі бар, ерекше композициялары мен орындау техникасы жоғары деңгейде дайындалған өнерлерін паш етті.
Мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иеленіп келді: вокалдық топ бойынша ІІІ орын, квартет бойынша ІІ орын, трио бойынша І орын. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!