14 наурыз 2025 жылы, Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебінде аудандық білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары. Біртұтас тәрбие: Ата-ана құзіреттілігі – бала болашағы» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Ақсу қаласының педагогтері мен Аққулы ауданы білім беру мекемелерінің педагогтері мен ата –аналары қатысты.
Бағдарламаға сәйкес семинардың ашылуын мектеп басшысы Жайрангуль Батталова бастап, білім беру бөлімінің әдіскері Асем Оспанова жалғастырды. Мектептің 1-ші қабаттағы спортзалында қатысушылар «Заң және тәртіп» атты Жас жол қозғалыс инспекторларының жұмысын көріп, «Бірлік және ынтымақ» - «Балауса» шағын орталығы және даярлық сынып «Әкем, шешем және мен» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
Спорттық жарысы аяқталған соң семинардың қатысушылары 3 топқа бөлініп, үш алаңшаға барып, мектеп тынысымен танысты. Атап өтсек, «Өнегелі 15 минут», «Тәуелсіздік және Отаншылдық» - мұражайға саяхат, «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік –көрме «Шебер қолдар» үйірмесі қыздар және «Аялы алақан» аналар кеңесінің жұмысы; ұлдар клубының жұмысы; ұлттық спорт ойындар.
Семинардың соңында қонақтармен «Арт –терапия» ұйымдастырылып, «Сезам» қуыршақ театры «Дос іздеген бота» ертегісін тамашалады. Семинар шағын концертпен аяқталмай, мектептегі «Даналық мектебі» «Аялы алақан» аналар кеңесі салт-дәстүр көрсетіп, ән шырқады.
https://www.instagram.com/reel/DHLW4tyIqEw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNYlcbI_uC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNZq6XI0Iw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNZRPao_XK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNYymMoiDm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==