28 тамыз күні С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде:
1. 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекітуді ұсыну;
2. Мектептің жылдық тәрбие жоспарын бекіту;
3. Мектепте санитарлық нормалардың сақталуы туралы;
4. Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртіп ережелері мен мектептің жұмыс кестесін бекіту;
5. Бірлестіктер жұмысының жоспарын бекіту.
Педагогикалық кеңес отырысында мектеп директоры Ж.К. Батталова 15 тамыз күні өткен Республикалық тамыз конференциясында еліміздің президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің сөзіне баса назар аударды. Сонымен бірге білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің мәртебесін күшейту және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін атап өтті. Педагогикалық кеңестің соңында Ж.К. Батталова ұстаздарға жаңа оқу жылы шабыт, шығармашылық және шәкірттердің жарқын жетістіктерімен толы болуын тіледі.
|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Садуакаса Сатыбалдина " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|




