Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Садуакаса Сатыбалдина " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
20
февраля
2025
|
С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ «Оқуға құштар» жобасын іске асыру барысында бастауыш сыныптарда «Библио-спорт алаңы» эстафеталық жарысы өтті.
Мақаты: Бастауыш сынып оқушылары үшін өте қызықты әрі танымдық іс-шара. Бұл жарыс кітапқа қатысты тапсырмаларды спорттық белсенділікпен біріктіріп, балаларды оқуға, шығармашылыққа және дене белсенділігіне баулыту. Сайысқа екі топ қатысты «Білгірлер», «Алғырлар».
Сайыс 5 кезеңге жоспарланды.
1. Кезең: "Кітап беттерін парақтау"
2-ші кезең: «Қиял мен әрекет»
3-ші кезең: «Сөздермен доп ойыны»
4-кезең: «Сиқырлы жұмбақтар»
5-кезең: «Суретті ребус»
Сайыста оқушылар өздерінің кітап оқуға құштарлықтарын көрсетті. Екі топта белсенді қатысты нәтижесінде «Алғырлар» тобы жеңіске жетті. Сайыс өз мақсатына жетті. Өткізген: Бастауыш сынып бірлестігі және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ермұқан Ә.Х.
https://www.instagram.com/reel/DGQ2aXnIZXx/?igsh=dTV5ajdybTZoZHpz
11
февраля
2025
|
Бүгін мектебімізде, бастауыш сыныптарда "Оқуға құштар бол" онкүндігінің ашылуы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар бастауыш сынып мұғалімдері: Шакенова Ш.К. және Шакилова А.Г.
11
ноября
2024
|
"Оқуға құштар мектеп" тәрбие бағдарламасы мен "Балалар кітапханасы" республикалық жобасы аясында үзілісте кітап оқимыз.
Кітапханашы: Айгожина Р.М
23
октября
2024
|
2024 жылдың 22 қазан күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебіміздің жазушы, аудармашы, жерлес ақынымыз Сатыбалдин Серік Қинаятұлының әдеби кеші өтті.
Мақсаты: Қаламгердің шығармашылығымен тереңнен танысып, өлеңдері мен көрсетілген көріністерінен ғибратты ой, рухани азық алып, оқушыларға насихаттау. Бұл іс-шара аудандық көлемде өтіп, көрші мектептерден 13 кітапханашы, 7 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, 8 қадірлі қонақтар қатысты. Жалпы мектеп ұжымы мен оқушыларды қосқанда 70 адам қатысты.
Әдеби кеш екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар қаламгердің өлеңдерін оқып, көріністерін сомдады. Аялы алақан аналар кеңесі «Бесік жырын» тербеді. Екінші кезең «Сыр сұхбат» болды. Жазушыға оқушылар мен қонақтар тарапынан сұрақтар қойып, жауап алды.
16
января
2024
|
С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында "Бәрін таста да, кітап оқуды баста" атты кітап оқу апталығының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, жас ұрпақ бойында азаматтық, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Өткізген бастауыш сынып мұғалімдері және жас маман Алибеков А.М.