«Жоғары сапа онкүндігі» аясында қоғамдық-гуманитарлық бірлестік отырысы өтті. Онда білім сапасын арттыру мақсатында:
1. үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс;
2. цифрлық ресурстардың білім сапасын көтерудегі ықпалы;
3. қоғамдық пәндердің оқытылу сапасы мәселелері талқыланды.
Отырыста сапа мониторингі талданып, І тоқсан бір пәнінен бір “3” және бір “4”-пен аяқталғаны оқушылар атап өтілді. Оқушылармен жұмыс маршруттары жасалып, қазіргі заман талабына сай оқу платформаларын тиімді қолдану қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ оқу сауаттылығын арттыру мақсатында Amansultan, BilimLand платформаларының мүмкіндіктері көрсетілді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.




