2024-2025 оқу жылы
25 қазан Республика күніне орай "Алтын діңгек - өзім туған босағам".
Көрменін мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
30 қазан 2024 жылы С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ күзгі каникул жоспарына сәйкес "Сезам" қуыршақ театрына қатысатын оқушылар "Жыл басына таласқан жануарлар" ертегісін сахналады.
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімдері Шакенова Ш.К. Ибадулина Р.К.
4 қараша 2024 жылы С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ 2,3 сыныптарда өткен "Оян, ар мен адалдық" атты сынып сағаты. Мақсаты: Балаларды адалдыққа, шыншыл болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өткізген: Шакенова Ш.К. Ибадулина Р.К.
19 қараша 2024 жыл. 1-10 сынып оқушылары арасында “Алтын күз - 2024” атты Ханзада & Ханшайым сайысы өткізілді .
Ұйымдастырушылар: аға тәлімгер Шакилова Айнур Гафуровна, биология пәнінің мұғалімі Алибеков Дидарбек Мейрамбекович
13 желтоқсан 2024 жыл
"Тәуелсіз елім Қазақстан" https://youtube.com/shorts/W6HVaDGewZg?feature=share
С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Жас Ұлан және Жас Қыран" ұйымының қатарына қабылдануға арналған салтанатты жиын өткізілді.
18 желтоқсан 2024 жыл
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен өткізген сынып сағаты.
Мақсаты:Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;
- Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,туған елге деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін тәрбиелеу;
Өткізген:Шакенова Ш.К, Ибадулина Р.К
"Жасөспірім, жаман әдеттерден аулақ бол!"
Тақырыбы: "Жасөспірім, жаман әдеттерден аулақ бол!"/Темекі щегу, нашақорлық, ЖИТО/. Мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіпті екенін ескерту.
Кітапханашы: Айгожина Р.М
"Жетістігімді еліме арнаймын" https://youtu.be/RZIZezb0UpQ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 10-11 сынып оқушыларымен өткізілген сынып сағаты.
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ" https://youtu.be/knUzjFyuKrQ
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5,7 сынып оқушыларымен өткізілген сынып сағаты.
"Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандары" https://youtu.be/3DQtj-0Am8w
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кітапханашы тарапынан жасалған көрме.
Мақсаты: Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Кітапханашы: Айгожина Р.М
23 желтоқсан 2024 жыл
"Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз!".
“Шыршаны орнату кезінде және пиротехниканы пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз!” 11 сынып
14 қаңтар 2025 жыл
С С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ "Адалдық пен әділдік" атты алдық сағаиы өтті. Мақсаты: Оқушыларға адалдық,шыншылдық қасиеттерінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өткізген: Шакенова Ш.К. Шакилова А.Г.
20 қаңтар 2025 жыл
С С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ 3,4 сыныптарда"Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларына ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық ережелерін сақтау. Оқушылар сынып сағаты барысында зорлық -зомбылықтың түрлерімен танысып, бейнеролик көрді. "Балалық шақ зорлық- зомбылықсыз " болу үшін не керек екеніне "Бұлттар әдісі"арқылы жауап берді. Тәртіп айдары ойынында сәйкестендіру жұмысын орындады. Сұрақтар тізбесінде өз ойларымен бөлісті. "Еліме тілек" әдісі бойынша сынып сағатының қорытындысын айтты. Сынып сағаты өз мақсатына жетті. Өткізген: Шакенова Ш.К. Шакилова А.Г.
С С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ "Зорлық- зомбылықсыз балалықшақ" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті дн тұлға болып өсуін тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында 1,2 сынып қауіпсіздікке байланысты "Егер жабайы жануарларды кездестірсем не болады?" Тақырыбында ой қозғады. Өткізген: Шакенова Ш.К. Шакилова А.Г.
28 қаңтар 2025 жыл
мектеп парламенті 5-11 сыныптарға “Kino time” ұйымдастырды. Қызықты өтті деген ойдамыз.
3 ақпан 2025 жыл
С С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ 1-4 сыныптарда" Компьютер дос не жау?" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды уақытты үнемді пайдаланып, компьютерді тек өз уақытымен пайдалануға дағдыландыру,ғылым- білімге жетелей отырып, өз денсаулығын сақтап, салауатты өмірге тәрбиелеу. Компьютерді қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде айтылды. Сынып сағаты өз мақсатына жетті. Өткізген: Шакенова Ш.К. Шакилова А.Г.
Үздік Мектеп Парламенті - https://youtu.be/qS56-cADc14