С. Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі жанындағы "Балауса" шағын орталығы мен даярлық сыныбында 8 наурыз мерекесіне арналған "Аяулы ана, инабатты қыз" атты сайыс өткізілді. Сайысқа аналар мен қыздардан құралған 5 жұп қатысты. Сайысымыздың мақсаты: баланың анаға деген мейірімін, сүйіспеншілігін арттырып, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, балалар бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды
1.Таныстыру
2.Көктем келді, сән келді. (сән үлгісі)
3.Сұрап жауап
4.Өз өнері
5.Үй тапсырмасы.
Барлық
аналар мен қыздар сайыстың әр бөлімінде белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Барлық сайысқа қатысқан жұптар номинация бойынша медальдармен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.