Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Садуакаса Сатыбалдина " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
17
марта
2025
|
- Просмотров: 39
14 наурыз 2025 жылы, Садуақас Сатыбалдин атындағы орта мектебінде аудандық білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары. Біртұтас тәрбие: Ата-ана құзіреттілігі – бала болашағы» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Ақсу қаласының педагогтері мен Аққулы ауданы білім беру мекемелерінің педагогтері мен ата –аналары қатысты.
Бағдарламаға сәйкес семинардың ашылуын мектеп басшысы Жайрангуль Батталова бастап, білім беру бөлімінің әдіскері Асем Оспанова жалғастырды. Мектептің 1-ші қабаттағы спортзалында қатысушылар «Заң және тәртіп» атты Жас жол қозғалыс инспекторларының жұмысын көріп, «Бірлік және ынтымақ» - «Балауса» шағын орталығы және даярлық сынып «Әкем, шешем және мен» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
Спорттық жарысы аяқталған соң семинардың қатысушылары 3 топқа бөлініп, үш алаңшаға барып, мектеп тынысымен танысты. Атап өтсек, «Өнегелі 15 минут», «Тәуелсіздік және Отаншылдық» - мұражайға саяхат, «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік –көрме «Шебер қолдар» үйірмесі қыздар және «Аялы алақан» аналар кеңесінің жұмысы; ұлдар клубының жұмысы; ұлттық спорт ойындар.
Семинардың соңында қонақтармен «Арт –терапия» ұйымдастырылып, «Сезам» қуыршақ театры «Дос іздеген бота» ертегісін тамашалады. Семинар шағын концертпен аяқталмай, мектептегі «Даналық мектебі» «Аялы алақан» аналар кеңесі салт-дәстүр көрсетіп, ән шырқады.
https://www.instagram.com/reel/DHLW4tyIqEw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNYlcbI_uC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNZq6XI0Iw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNZRPao_XK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHNYymMoiDm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22
января
2025
|
- Просмотров: 65
Ғылыми жоба аясында "Қазақстан-2050 Стратегиясына естелік пойызы" Ұлы Отан Соғысының ардагері Сальников Дмитрий Петровичті еске алуға арналған аудандық "Сарбаз - 2025" әскери-қолданбалы спорт түрінде қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылар командасы І орынды иеленді. 10 сынып оқушысы Жумадилова Гульден пневматикалық винтовкадан ату сайысында ІІІ орын және денені көтеру сайысында ІІ орын, Айтимов Али кермеде тартылу сайысында І орын, Батталов Абат пневматикалық винтовкадан ату ІІ орын иеленді. Оқушыларымыз бен АӘД пәнінің мұғалімі Шакилов Ибрагим Айткалиевичті құттықтаймыз.
17
марта
2025
|
- Просмотров: 49
6 наурыз күні білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсанында «Ана-өмірдің тірегі» атты балалар шығармашылық аудандық ән байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Топпен ән айту, топтың сахналық мәдениетін дамыту. Білім алушылардың вокалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.
Байқау вокалдық топ, трио, квартет, квинтет топтары бойынша бағаланды. Әр номинация бойынша мектеп оқушылары әдемі стиль үйлесімінің өзгергіштігі бар, ерекше композициялары мен орындау техникасы жоғары деңгейде дайындалған өнерлерін паш етті.
Мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иеленіп келді: вокалдық топ бойынша ІІІ орын, квартет бойынша ІІ орын, трио бойынша І орын. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
20
февраля
2025
|
- Просмотров: 48
Волейболдан Мектепаралық кездесу Ямышев мектебімен керемет өтті. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ермұқан Ә.Х.
https://www.instagram.com/reel/DGSIdrUNFIg/?igsh=MXd4M2RvMzRja3h4bA==
23
декабря
2024
|
- Просмотров: 68
“Шыршаны орнату кезінде және пиротехниканы пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаймыз!” 11 сынып
6
февраля
2025
|
- Просмотров: 57
Аудандық "Мен көшбасшымын" конкурсында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Иманкулова Анель І орынды иеленді. Жетекшісі аға тәлімгер Шакилова Айнур Гафуровна.
18
декабря
2024
|
- Просмотров: 69
С.Сатыбалдин ат. ЖОББМ 1- сыныпта “Қош бол,Әліппе!” атты ертеңгілігі өтті.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Бастауыш сынып оқушыларымен “Әліпби” ертегісін қойып, сұрақтарға жауап беріп,Әліппеге ән, билерін арнады.Ертеңгілікке мектеп басшысы Батталова Ж.К қатысып, оқушыларды құттықтап , куәлік табыстады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Жакупбекова Инкар Муратовна балаларға өз тілегін білдіріп, құттықтады.
Өткізген:1- сынып жетекшісі Ибадулина Р.К
6
февраля
2025
|
- Просмотров: 75
Аудандық “Үздік Мектеп Парламенті” конкурсында мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып 1 орынға ие болды!
6
декабря
2024
|
- Просмотров: 74
Ағымдағы жылғы 4-5 желтоқсан күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға мектебімізден 6 оқушы қатысты.
Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орынды 9-сынып оқушысы Толегенова Аяжан, ІІ орынды 10-сынып оқушысы Иманкулова Анель иеленді.
Қазақ тілі пәнінен ІІ орынды 10- сынып оқушысы Айтимов Али, 9-сынып оқушысы Әлібек Нұрай иеленді.
География пәнінен ІІ орынды Калел Құралай иеленді.
Құттықтаймыз!