Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Садуакаса Сатыбалдина " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
10
Қаңтар
2024
|
9 қаңтар күні мектебіміздің ұлағатты ұстазы Агинбаева Раиса Дуйсенбаевна 61 зейнеткерлік жасқа толып отыр. Құрметті ұстазымызды қошеметпен мерекелік шара ұйымдастырып зейнеткерлікке шығарып салдық. Ұстазымызды алғашқы шәкірттері Иманова Эльнара, Алибеков Нұрәділ, Кеңес Досжан құттықтау тілектерімен, ән жолдады. 8 және 4 сынып оқушылары да алғашқы ұстаздары Раиса Дюсенбаевнаға гүл шоқтарын сыйлап, ән, билерін ұсынды. Сонымен қатар туған күн иесін ардагер ұстаздар мен құрбы-құрдастары, туыстары құттықтап келді.
10
Қаңтар
2024
|
5-11 сыныптар арасында "Жаңа жыл-2024", бастауыш сыныптарда "Келді бізге Жаңа жыл" шырша мерекесі өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Барыс, Қоян болып киініп, мерекені жандандырды. Оқушылар Аяз ата мен Ақшақарға ән, билер, өлеңдерін оқыды. Аяз ата болса балалармен ойын ойнап көңілдерін көтерді.