18 сәуір күні 2025 жылы 4 сыныпта қазақ тілі пәнінен "Не ауыр, не жеңіл? (сын есім)" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: түрлі дерек көздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету.
Пән мұғалімі Айгожин К.С. оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа білім дағдыларын қалыптастыру үшін АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.