Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Садуакаса Сатыбалдина " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
17
Сәуір
2023
|
2023 жылдың 14 сәуірде мектепке дейінгі балалар шығармашылығының ХХІІІ аудандық "Бүлдіршін" фестивалі өтті. Мектебіміздің намыс қорғау үшін "Балауса" шағын орталығының тәрбиеленушілері Сагдатова Айерке мен Шуганов Алихан, мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Нұрбекқызы Ботагөз қатысты. Жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!!
10
Наурыз
2023
|
Мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ұйымдастырылған "Ата-анамен оқимын" сайысының 2 кезеңі өтті. Б. Майлиннің " Шұғаның белгісі" повесі бойынша болатын
7
Сәуір
2023
|
1 сәуір күлкі күніне орай мектебімізде іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларына бастауыш бірлестігі тарапынан "Күлкі әлеміне саяхат" атты сынып сағаты, мектеп кітапханашасы мен мектеп психологі қызықты ойындар өткізді. Мектеп психологі орта және жоғары сынып оқушыларымен қызықты үзіліс ұйымдастырды. Күлкі күні мектебімізде көңілді өтті.
10
Наурыз
2023
|
Мектебімізде 8 сынып оқушыларымен 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай
"Рахмет айтамын" атты тәрбие сағаты өтті.
Сынып жетекшісі: Айгожин Куан Сагдатович
7
Сәуір
2023
|
3 сәуір күні "Үздік ұлан -2023" аудандық байқауы өтті. Байқау мақсаты "Жас ұлан" ББЖҰ жұмысын насихаттау және көшбасшылық қасиеттері бар оқушыларды анықтау. Мектебіміздің 3 сынып оқушысы Шуганова Зере мен 8 сынып оқушысы Иманкулова Жанар жүлделі 1 орындарды иеленді.
10
Наурыз
2023
|
8,9,10,11 сынып оқушылары арасында 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай "Қыздар, қыздар сұлу қыздар" атты тәрбие сағаты өтті.
Өткізген Айгожин Куан Сагдатович
18
Наурыз
2023
|
Құрметті ата-аналар!
Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-ші сәуірінен бастап 1-ші тамызға дейін жүргізіледі.
1-ші сыныпқа оқушыны қабылдау үшін көрсетілген мерзім аралығында "Электрондық үкімет" немесе "Сакура" порталы арқылы құжаттарды тапсыру қажет.
Мектепке қабылдауға керек құжаттар тізбесі:
1. Өтініш;
2. Жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (065/у нысан және 026/у-3 нысан);
4. Баланың 2 дана 3×4 см өлшемдегі фотосуреті.
9
Наурыз
2023
|
С. Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі жанындағы "Балауса" шағын орталығы мен даярлық сыныбында 8 наурыз мерекесіне арналған "Аяулы ана, инабатты қыз" атты сайыс өткізілді. Сайысқа аналар мен қыздардан құралған 5 жұп қатысты. Сайысымыздың мақсаты: баланың анаға деген мейірімін, сүйіспеншілігін арттырып, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, балалар бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.