Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Садуакаса Сатыбалдина " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
---|
18
Желтоқсан
2024
|
С.Сатыбалдин ат. ЖОББМ 1- сыныпта “Қош бол,Әліппе!” атты ертеңгілігі өтті.
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.
Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Бастауыш сынып оқушыларымен “Әліпби” ертегісін қойып, сұрақтарға жауап беріп,Әліппеге ән, билерін арнады.Ертеңгілікке мектеп басшысы Батталова Ж.К қатысып, оқушыларды құттықтап , куәлік табыстады.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Жакупбекова Инкар Муратовна балаларға өз тілегін білдіріп, құттықтады.
Өткізген:1- сынып жетекшісі Ибадулина Р.К
11
Қараша
2024
|
Мектебіміздің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы Шакилов Ибрагим Айткалиевич 2024 жылдың 09 қараша күні Павлодар қаласында өткен "Пневматикалық винтовкадан ату мен автоматты жартылай бөлшектеп-жинаудан" өткен республикалық турнирге қатысып Диплом мен "Патриоттық және азаматтық белсенділігі үшін" төс белгісімен марапатталды.
6
Желтоқсан
2024
|
Ағымдағы жылғы 4-5 желтоқсан күндері 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға мектебімізден 6 оқушы қатысты.
Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орынды 9-сынып оқушысы Толегенова Аяжан, ІІ орынды 10-сынып оқушысы Иманкулова Анель иеленді.
Қазақ тілі пәнінен ІІ орынды 10- сынып оқушысы Айтимов Али, 9-сынып оқушысы Әлібек Нұрай иеленді.
География пәнінен ІІ орынды Калел Құралай иеленді.
Құттықтаймыз!
11
Қараша
2024
|
9қараша 2024жылы алтын ұя мектебімізде түлектердің ұйымдастыруымен ардагер ұстаз Ахметжанов Мурат Алибековичке арнайы үстел теннисінен турнир өткізілді. Турнирге әр жылдағы мектеп түлектері мен көрші мектеп оқушылары, және құрметті қонақтар қатысты.
20
Қараша
2024
|
1-10 сынып оқушылары арасында “Алтын күз - 2024” атты Ханзада & Ханшайым сайысы өткізілді .
Ұйымдастырушылар: аға тәлімгер Шакилова Айнур Гафуровна, биология пәнінің мұғалімі Алибеков Дидарбек Мейрамбекович
6
Қараша
2024
|
Мектебіміздің 10 сынып оқушысы Иманкулова Анель "Ауыл олимпиадасы" облыстық кезеңінен І орынды иеленіп
Республикалық кезеңге жолдама алды. ЖАРАЙСЫҢ, АНЕЛЬ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
14
Қараша
2024
|
13 қараша күні сағат 15:00 де мектебімізде 1-11 сынып оқушылары арасында "Асық ату" жарысы өтті.
АСЫҚ АТУ https://www.instagram.com/reel/DCUaq5QIYSg/?utm_source=ig_web_copy_link
17
Қазан
2024
|
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 16 қазан күні 9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Олимпиада 2 тур бойынша өткізілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша “Менің кіші Отанымның тарихы” бағытында С. Сатыбалдин ат. ОМ 10-сынып оқушысы Иманкулова Анель ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Ж.Б. Шуганов.
Анель және Жанат Бекенович құттықтаймыз!