|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Садуакаса Сатыбалдина " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
11
декабря
2025
|
Павлодар облысының өңірлік психологиялық қолдау орталығы "Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Әлеуметтік жетімдік" педагогтер мен ата-аналарға арналған 2025 жылдың 12 желтоқсанында тікелей эфир жүргізетінің хабарлайды.

|
17
октября
2025
|
Мек
тебімізде «Ұлттық диктант» жобасы өткізілді.
Оған мектеп оқушылары мен пән мұғалімдері қатысты.
«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жоба.
Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау. Бұл бастама әрбір азаматқа сауатты жазу тек білім көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік, мәдени қатысым және ана тіліне деген құрметтің көрінісі екенін ұғындыруды көздейді.
|
12
сентября
2025
|
С.Сатыбалдин атындағы ЖОББМ "Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және ата-аналарды қолдау орталығының жоспарына сәйкес "Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық- зомбылықтан қорғау" тақырыбында ата- аналармен алғашқы сабақ өткізілді. Өткізген: Бастауыш сынып бірлестігі.
|
23
октября
2025
|

|
8
сентября
2025
|
Павлодар облысының өнірлік психологиялық қолдау орталығының жұмысы, мекен-жайы, байланыс ақпараттары туралы
|
28
августа
2025
|
28 тамыз күні С.Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беру мектебінде педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде:
1. 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспарын бекітуді ұсыну;
2. Мектептің жылдық тәрбие жоспарын бекіту;
3. Мектепте санитарлық нормалардың сақталуы туралы;
4. Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртіп ережелері мен мектептің жұмыс кестесін бекіту;
5. Бірлестіктер жұмысының жоспарын бекіту.
Педагогикалық кеңес отырысында мектеп директоры Ж.К. Батталова 15 тамыз күні өткен Республикалық тамыз конференциясында еліміздің президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің сөзіне баса назар аударды. Сонымен бірге білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің мәртебесін күшейту және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін атап өтті. Педагогикалық кеңестің соңында Ж.К. Батталова ұстаздарға жаңа оқу жылы шабыт, шығармашылық және шәкірттердің жарқын жетістіктерімен толы болуын тіледі.







